«Ордабасы» футбол клубының президенті қызметінен кетті

7 Мамыр, 16:50 761

Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубының президенті қызметінен кетті. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Клуб басшысы Бауыржан Абдубаитов денсаулығына байланысты осындай шешім қабылдаған.

Бауыржан Тойшыбекұлы клубқа қиын кезеңде келіп, екі жылдың ішінде Қазақстан Кубогы мен Қазақстан чемпиондығына жеткізді.

«Ордабасы» ұжымы атқарған жұмысы үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта табысының артып, жаңа жетістіктерге жетуіне тілек білдіреді, - делінген мәліметте.

Айта кетейік, «Ордабасы» былтырғы маусымда тұңғыш рет Қазақстан чемпионатында топ жарды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: