Рамазан айында ораза ұстағандар «тырнақ бояп, кірпік жабыстыру оразаны бұза ма?» дейтін сауалға бас қатырады. Әсіресе, осы мәселе сұлулық қызметтерін пайдаланатын қыз-келіншектер үшін өзекті.
Шариғат талаптарына сәйкес, мұндай әрекет оразаны бұзатын амалға жатпайды. Өйткені бұл ішіп-жеу емес, ағзаға қорек не сұйықтық түспейтіні тағы бар. Осы сауалға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы түсіндірме берді. Имамның айтуынша, бояну, кірпік жапсыру немесе тырнақ бояту ораза ұстауға кедергі келтірмейді.
Жалпы, бояну, кірпік жапсыру яки тырнақ бояту ораза ұстауға кедергі келтірмейді. Ішіп-жеу, тамақтану немесе жыныстық қатынасқа түсу сияқты амалдар оразаны бұзады. Осылардан тыйылса болғаны. Бұл айтылғандар оразаның ұстауға немесе оның қабыл болуына кедергі келтіретін фактіге жатпайды. Ораза ұстау үшін дәреттің болуы да шарт емес. Бірақ әдеп бойынша дәрет алып жүргеніңіз – нұр үстіне нұр, – деді имам.
Айта кету керек, оразаның негізгі мақсаты – тек ашығу емес, рухани тазару. Сондықтан мұсылман баласы ниетінің дұрысына, сабыр мен тақуалыққа басымдық бергені абзал.