Ораза айт – бауырмалдық пен өзара жанашырлықтың мерекесі - Бектенов

10 Сәуір, 09:02 605

Премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді исі мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Ораза айттың басталуымен шын жүректен құттықтаймын.

Ораза айт – бауырмалдық пен өзара жанашырлықтың, игілікті істер мен қайырымдылықтың мерекесі. Халқымызға тән дәстүрлі адамгершілік қасиеттер, әсіресе ауқымды табиғи апат орын алған қазіргідей күрделі кезеңде айқын көрініс тауып отыр. Бірлігі бекем елдің берекесі мол. Осынау бірегей құндылықтар мемлекетіміздің одан әрі орнықты дамуының негізі бола бермек.

Рамазан айында ауыз бекіткен қауымның ізгі ниеттері қабыл болып, халқымыздың ынтымағы арта берсін.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Мадина Асылбекова
Бөлісу: