Оралдық тұрғынға жылдамдықты асырғаны үшін 1,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

15 Қыркүйек 2023, 17:49 599

Оралдық полицейлер тұрғынға жылдамдықты асырғаны үшін бес күн ішінде 1 миллион 500 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, 15 қыркүйек күні Suncar Smart Qorgau жүйесінің көмегімен облыс орталығының көшелерінде жол қозғалысы кезінде жылдамдықты бірнеше рет асырған “Ваз 2112” автокөлігі анықталды.

Орал қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері аталған автокөлікті сағат шамамен 10:10 кезінде Орал қаласы Есенжанова көшесінің бойында тоқтатады. Жауап алу кезінде жүргізушінің Орал қаласының 19 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ол бес күн ішінде жылдамдықты 33 рет асырғаны белгілі болды. Жалпы айыппұл сомасы 1 миллион 500 мың теңгені құрайды. Жүргізуші айыппұлды оңайлатылған тәртіпте 50%-ын өтей алады, яғни, ол 500 мың 250 теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Равиль Ашығали
Бөлісу: