Оралда жолаушылар тасымалдайтын автобус өртенді

11 Ақпан, 02:24 756

Орал қаласында орталық базар маңында №1 бағытта жолаушылар тасымалдайтын автобус өртенді, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі. 

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 10 ақпан күні сағат 12.59-да Мұхит көшесі бойында болды.

Автобус аялдамасы жанында «ГАЗель» автокөлігі жанды. «Тілсіз жау» сағат 13.10-да оқшауланып, 13.14-те ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында 5 адам 1 техникамен жұмыс жасады. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде, деп хабарлады ведомстводан.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: