Оралда жаңажылдық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды

26 Желтоқсан 2018, 03:07 2246

Батыс Қазақстан облысында «Қайырымдылық керуені» республикалық акциясы өтті.

Батыс Қазақстан облысында «Қайырымдылық керуені» республикалық акциясы өтті.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Достық үйінде Орал қаласының аз қамтылған және қамқорлыққа мұқтаж 70 отбасына қолдау көрсету мақсатында жыл сайын өтетін «Қайырымдылық керуені» акциясы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов қатысушыларды жаңа жылмен құттықтап, жыл сайын өтетін акцияның маңыздылығын атап өтті. 

«Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы еріктірлерінің қатысуымен аталған отбасыларға сыйлықтар таратылды.

Бөлісу: