Оралда жүк көлігінің жүргізушісі 3 оқушыны қағып кетті

20 Қыркүйек 2022, 12:15 1184

Оқиға 19 қыркүйек күні түсте болған

БҚО-да есірткіге масайған жүк көлігінің жүргізушісі үш баланы қағып кетті, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 19 қыркүйек күні түсте Зачаган кентіндегі №30 мектеп жанында болды. 

«Жедел жәрдем сағат 13.08-де шақырылды. 12 жасар қыз жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған, самай тұсы көгерген. 11 жасар қыз да жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған, ортан жілігі сынған. Денесінің көптеген жері көгерген. 13 жасар қыздың ортан жілігі сынған. Қазіргі кезде үшеуі де облыстық көпбейінді балалар ауруханасының травматология бөлімінде, жағдайлары тұрақты», деп хабарлады ведомстводан. 

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, ақпаратты кейін беретінін жеткізді.

Бөлісу: