Оралда зейнеткерден 28 келі қара уылдырық тәркіленді

17 Сәуір 2023, 20:26 1106

Орал қаласының тұрғынынан 28 келі қара уылдырық пен 157 келі бекіре тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Бекіре" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында БҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Жергілікті полиция қызметі басқармасы қызметкерлері құрып кету қаупі төнген балықтың дериваттарын заңсыз сақтағаны үшін 68 жастағы зейнеткерді ұстады.

Полицейлер 1955 жылғы азаматтың тұрғылықты жері бойынша санкцияланған тінту кезінде заңсыз сақталған балық пен уылдырықты тәркіледі.

Тәркіленгендер сақтау қоймаларына тапсырылды. Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 339-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

EL.KZ
Бөлісу: