Оралда үш жастағы бала шұңқырға түсіп кетті

30 Шілде 2023, 23:49 871

Батыс Қазақстан облысының құтқарушылары Оралда шұңқырға түсіп кеткен үш жасар баланы аман алып қалды, - деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 27 шілде күні сағат 21:00 шамасында болған. Қонаев ықшамауданындағы №51 үйдің ауласында құтқарушылар шұңқырдан үш жасар баланың қолын алып шықты.

Куәгерлердің айтуынша, бала аулада ойнап жүрген кезде ойыншығы трансформатордың жанындағы шұңқырға түсіп кеткен. Соны алмақшы болған баланың қолы кептеліп қалды. Жанынан өтіп бара жатқан көршісі жедел жәрдем шақырған.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бала жарақат алмаған. Ата-анасы ауруханада ем алудан бас тартқан.

Берік Арманов
Бөлісу: