07.01.2024
17:05
493
Оралда үш көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Оралда үш көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Оралда үш автокөлік соқтығысып, жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

Орал қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция баталонының командирі, полиция подполковнигі Еламан Уәлиевтің мәлім еткеніндей, оқиға 6 қаңтар күні кешкісін айналма жолда «Октан» жанар-жағармай стансасы маңында болды.

Шамамен сағат 20.05-те үш автокөлік түйісіп, оқиға орнынан ауруханаға 5 жолаушы жеткізілді. Біреуі жарақат пунктіне барар жолда көз жұмды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр, — деді Е.Уәлиев.