Оралда полиция түні бойы азаматтарды эвакуациялау жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ мәліметінше, Шаған және Деркөл өзен сулары арнаға сыймай, Орал қаласындағы Самал шағын ауданына жайыла бастады.
Полиция қызметкерлері Самал шағын ауданының тұрғындарын қауіпсіз жерлерге, эвакуациялық пункттерге төтенше жағдайлар мен коммуналдық қызмет мамандарымен бірлесіп көшірді, - делінген мәліметте.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Самал шағын ауданына барып, жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр.