Оралда қырықаяқтың уынан тұрғындар зардап шекті

22 Қаңтар, 11:51 807

Оралда қырықаяқтың уынан бес адам зардап шекті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 35 жастағы тұрғын зиянкестерді жою үшін пәтеріне химиялық зат сепкен. Салдарынан көпқабатты үйде тұратын көршілері уланып қалған. Ішінде 5 жасар қыз бала бар.

Олар дәрігерлердің бақылауында болып, жағдайлары тұрақталған соң үйлеріне жіберілді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: