16.03.2024
01:39
1127
Оралда полиция көпірден секірмекші болған қызды құтқарып қалды

Оралда полиция көпірден секірмекші болған қызды құтқарып қалды

Полиция қызметкерлері Дамир Казиханов пен Мирас Каримоллин түнгі патрульдеу кезінде көпір қоршауынан секірмекші болған қызды байқап қалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сақшылар шапшаңдық танытып қас-қағым сәтте қарғып кете жаздаған қызды құтқарып үлгерді.

Мұндай әрекетке үйдегі жанжал итермелеген. Қазір оның жағдайы жақсы және туыстары қолдау көрсетуде.