Оралда Полиция департаментінде жарақат алған полиция көз жұмды

27 Маусым, 13:49 579

Оралда полиция қызметкері облыстық Полиция департаментінің Бақылау-өткізу пунктінде табельді қарудан өз-өзіне оқ атып алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Мой город» басылымының мәліметінше, оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі 2003 жылы туған ер адамды облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер шұғыл түрде операция жасаған.

Бүгін, 27 маусымда, БҚО Денсаулық сақтау басқармасы полиция қызметкерінің сағат 00:00-де есін жимастан көз жұмғанын растады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: