Оралда өз қызын зорлаған тұтқын түрмеде көз жұмды

16 Тамыз, 16:39 5722

Өз қызын зорлап, 20 жылға бас бостандығынан айырылған тұтқын көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ҚК «Өз-өзіне қол салуға дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

46 жастағы Ринат Байсаков 2023 жылдың шілдесінде өзінің 15 жастағы қызын зорлағаны үшін 20 жылға сотталған. Ал қызы Амина одан бір жыл бұрын жүріп келе жатқан пойыздың астына түсіп, қаза тапқан еді.

Өлерінде жасөспірім «Бәрің сау болыңдар. Мен енді жоқпын. Бұған жауыз әкем кінәлі. Ол мені зорлап, үндемеуге мәжбүрледі» деп жазылған хат қалдырған.

Осы хаттан кейін қылмыстық іс қозғалып, Ринат Байсаковтың үйін тінткенде компьютерінен қызына зорлық жасаған кезінде түсірілген видео табылған. Сот шешіміне сәйкес қызды 9 жасынан бастап әкесі демалыс күндері алып кетіп тұрған.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: