Оралда орыс мәдениетінің апталығы өтті

24 Шілде 2019, 14:57 3221

Батыс-Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Орал қаласының Достық үйінде Этностар апталығы аясында Орыс мәдениетінің апталығы өтті.

Достық үйінің кіреберісінде «Старый Уральск» мұражайы орыс халқының тұрмыстық заттары, музыкалық аспаптары, жазушыларының еңбектері және кітаптар ұсынылған көрме ұйымдастырды.

Конференция залында «Қазақтану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дәріскер – М. Өтемісұлы атындағы БҚМУ магистрі Нұргүл Карабалина БҚО ҚХА «Қазақстану» жобасы шеңберінде дөңгелек үстелге қатысушыларға қазақ халқының домбыра, қобыз, қылқобыз, сырнай, жетіген сияқты музыкалық аспаптарының шығу тарихымен таныстырды.

Достық үйінің алдында Орыс мәдени орталығының шығармашылық ұжымдарының, Дина Нұрпейісова атындағы музыкалық мектептің оқушыларының, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әртістерінің қатысуымен мерекелік концерт өтті.

Бөлісу: