Оралда орақ науқанының сәтті өтуіне ырымдалып жаңбыр шақыру мейрамы аталып өтті

5 Тамыз 2019, 11:24 4581

Армян ұлтының өкілдері кеңінен атап өтетін Вардавар мерекесін жаңбыр шақыру немесе су мейрамы деп те атайды. 

 

Армян ұлтының өкілдері кеңінен атап өтетін Вардавар мерекесін жаңбыр шақыру немесе су мейрамы деп те атайды. Шара барысында облыстық «Қоғамдық келісім» коммуналдық мекемесінің басшысы Медхат Қамбетов жиылған қауымды Вардавар мерекесімен құттықтаса, «Масис» армян этномәдени орталығының төрағасы Аветик Амирханян аталмыш мейрамның маңызы мен тарихына тоқталды.


Сондай-ақ Аветик Рубенұлы еліміздегі береке-бірліктің жарқын үлгісін көрсетіп, Вардавар мерекесін кеңінен тойлауға жағдай жасаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын білдірді. Ерекше шараға өңірдегі өзге этномәдени бірлестік өкілдері молынан қатысты.

 

Айта кетсек, бес мың жылдан астам тарихы бар Вардавар мейрамы өңірде осымен үшінші рет аталып өтуде. Арменияда тұрғындар бұл күні бір-біріне су шашып, мәре-сәре болып қуанышқа кенеледі екен. Суды шелектеп құйса да, ешкім ренжімеуі тиіс. Өйткені армяндар бұл мерекені тек жақсылыққа балайды. Көктем мен күз мезгілінің орта тұсында тойланатын мейрам орақ науқанының сәтті өтуіне себепкер болады деген сенім бар.

          

Шарада жиылғандар бір-біріне су шашысып, әуенге қосылып, шаттана би билеп кештің көркін қыздырды.

Бөлісу: