Оралда Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен Ұлы Дала дәстүрлеріне негізделген «Шашу» қайырымдылық акциясы өтті.
Акция барысында «Хаймат» Орал неміс этно-ағартушылық қоғамының төрағасы, «Шаңырақ» әлеуметтік кәсіпорыны» ЖШС басшысы Геннадий Франк облыстық көп бейінді балалар ауруханасының пульмонология бөлімшесінде емделіп жатқан балаларға дамытушы жұмсақ ойын жабдықтары – дидактикалық манеж бен автокөлікті құрастыру конструкторын сыйға тартты.