Оралда облыс басшысының қатысуымен ҚХА 25 жылдығына арналған мерекелік шаралар бастау алды

2 Желтоқсан 2019, 16:34 2708

Оралдағы Мұз сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25-жылдығына, Волонтер жылының басталуына, «Тұңғыш Президент жолы» экспедициясының ашылуына және Жастар жылының жабылуына арналған «Біз біргеміз» атты салтанатты іс-шара өтті. 


Театрландырылған қойылыммен Жастар жылының шымылдығы жабылды. Онда өткен жылдың барлық басты бағыттары айқындалды. Патриоттық әндер шырқалып, жастар билері орындалды. 


Облыс әкімі Ғали Есқалиев жастарды жылдың аяқталуымен құттықтап, ұтқыр және ұйымшыл екенін атап өтті.


«ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында біз еріктілер жылын, «Тұңғыш Президент жолы» халықтық экспедициясын және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын бастау үшін жиналып отырмыз. Жеті мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды. «Жас кәсіпкер» жобасы аясында мыңнан астам жастар кәсіпкерлік дағдыларына оқытудан өтті. Оларға бес жүзден астам грант бөлінді. «Дипломмен ауылға» бағдарламасының мүмкіндіктерін 645 жас маман пайдаланды, олар 270 млн.теңге сомасына көтерме жәрдемақы алды, оның 460-ы тұрғын үй алу үшін несиеге ие болды. Бүгінде біздің облыстың 47 мыңнан астам жастары Орал маңындағы оқу орындарында білім алуда. Жастардың көшбасшылары - Максим Ержан, Данияр Елеусінов, Екатерина Ларионова, Абзал Әжғалиев және басқалары Қазақстанның әлемдік аренада беделін көтеруге өз салмақты үлесін қосуда», – деп атап өтті аймақ басшысы.


Бүгінгі таңда Еріктілер қозғалысы белсенді дамып келеді. Ерікті қызмет – бұл заманауи, өркениетті әлемнің өмір салты. Батыс Қазақстан облысында бүгінгі таңда 10 мыңнан астам еріктілер жұмыс істейді. Олар алдағы уақытта да игі істер эстафетасын жүзеге асырады. Бұған келесі жыл арналады.


«Тұңғыш Президент жолы» халық экспедициясының төрағасы Роза Көжекованың айтуынша, экспедиция барлық қалалар, облыс орталықтары мен аудандар бойынша өтеді. Оған барлық еңбек ұжымдары, оқу орындары, мекемелер қатысады.


Тұңғыш Президент күні қарсаңында Ассамблея жылының қорытындысы шығарылды. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған үздік ғылыми жобалар, журналистика саласындағы «Шаңырақ» шығармашылық байқауының аймақтық кезеңінің жеңімпаздары және «Үздік медиатор» облыс әкімінің Дипломдарына ие болды.


«Менің ойымша, біз жыл сайын өсіп, дамып келе жатқан Қазақстанға топтасып, сенуіміз керек. Мен байланыстарды кеңейтетін Ассамблеяға ризамын және барлық қазақстандықтар өз бірлігін сақтап, елдегі тұрақтылықты сақтайтынына үміттенемін, – деді «Пульс» газетінің тілшісі Оксана Каткова.


«Кез келген марапат немесе жеңіс – әрі қарай жұмыс істеу немесе шығармашылық идеялар үшін үлкен ынталандыру. Бұл марапат тек менің ғана емес, сонымен қатар біздің телекөрермендерімізді қуантып, жақсы хабар беру үшін көп күш жұмсайтын біздің ұйымшыл және тату ұжымымыз», – дейді облыстық «Ақжайық» телеарнасының редакторы Лаура Бекболатова.


Іс-шара соңында Ғали Есқалиев Қазақстан халқы Ассамблеясының 25-жылдығына орай қала әкімі Әбат Шыныбековке «Игі істер эстафетасы» кітабын табыс етті.


Бөлісу: