08.12.2024
23:16
673
Оралда көліктер тұрған гараж өртенді

Оралда көліктер тұрған гараж өртенді

Оралда ТЖМ қызметкерлері екі жеңіл көлікті өрттен құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

ТЖМ мәліметінше, қаладағы Шукуров көшесінде ТҚКС ретінде қайта жабдықталған гаражда өрт орын болды.

Жедел келген өрт сөндірушілер жанып жатқан гараждан екі автокөлікті эвакуациялады. Өрт 20 шаршы метр алаңда сөндірілді, - делінген мәліметте.

Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.