Оралда еврей мәдениеті күні аталып өтті

18 Желтоқсан 2019, 12:25 3116

Оралдағы Достық үйінде Батыс-Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени орталықтарының қатысуымен еврей этномәдени бірлестігінің күніне арналған «Еврей мәдениеті күні» мерекелік іс-шарасы өтті. Оған БҚО ҚХА төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов қатысты.


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні аясында еврей ұлтының мәдениеті мен салт дәстүрі және шығармашылық жұмыстарымен таныстыру шараның басты мақсаты болып табылды, деп хабарлайды мерекені ұйымдастырушылар.


«Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтаймын! Этномәдени бірлестіктердің арасында еврей ұлтының да орны ерекше. Қандай іс-шаралар болмасын, өз үлестеріңізді қосып, белсенді араласып келесіздер. Бірлік пен татулықты қолға алып, әрдайым амандықта жүздесуге жазсын. Мереке құтты болсын», – деді Ғ. Қапақов.


Мерекелік кеш кітап көрмесімен басталды. Онда еврей ұлтынан шыққан жазушылардың кітаптары қойылған. Концерттік бағдарламада әртүрлі тілде әндер шырқалып, шара қыза түсті. Еврейлердің ұлттық тағамдары қойылған дастарқаннан жиналған қауым дәм татты.


Бөлісу: