Оралда ер адам ұзақ уақыт бойы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

31 Қаңтар, 10:31 1130

Орал тұрғыны қыз баланы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында ұзақ уақыт бойы қорқытып, күш көрсету арқылы 1995 жылы туған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп келген облыс орталығының тұрғынын ұстады.

Жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: