Оралда екі қабатты сауна өртенді

5 Қыркүйек, 01:13 646

Батыс Қазақстан облысының өрт сөндірушілері саунадағы өртті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Орал қаласында жеке тұрғын үйдің аумағында 150 шаршы метр алаңда жеке тұрған екі қабатты сауна өртенді.

Өрт сөндірушілер өртті жедел түрде жойды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өрт туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз, - делінген мәліметте.

Зарина Арман
Бөлісу: