Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыОралда қырағы тұрғындардың бірі дропперді ұстауға көмектесті. Бұл Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі.
11 қазан күні Абай полиция бөлімінің кезекші бөліміне Орал қаласының тұрғыны хабарласып, тапсырыс бойынша егде жастағы әйелдің сәлемдемесін жеткізгені күдік тудырғаны туралы хабар берді. Ол айтылған мекенжайға барған кезде алдынан жасы үлкен әйел шығып, сөмкені ұстатады.
Содан бұл жерде бір шикіліктің барын сезіп, жедел түрде құқық қорғау органдарына хабарлауды жөн көреді. Полицияның жедел уәкілдері тез арада аталған жеткізушімен байланысып, алаяқтың ізіне түседі.
Анықталғандай, Орал қаласының 84 жастағы тұрғынына белгісіз біреулер хабарласып, өздерін құқық қорғау қызметкері ретінде таныстырып, оған қызының жол-көлік апатына түскенін және оны реттеу үшін қомақты ақша қажеттілігін айтып, келген курьер арқылы беріп жіберуін талап етеді. Қоңырау шалушылардың сөзіне сенген зейнеткер алаяқтарға 1000 АҚШ долларын және 300 мың теңге ақшасын беріп жіберген.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді