Оралда Домбыра музейі ашылды

7 Шілде, 17:46 787

Оралда Ұлттық домбыра күні қарсаңында "Домбыра - ұлттық рух" музейі ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бабалардан қалған мұра көздері мен тарихи жәдігерлері жинақталып, төрт экспозициялық залдан тұратын орталық (Домбыра тарихы залы, Құрманғазы Сағырбайұлы залы, Құрманғазы оркестрі залы, Батыс өңірінің домбырашылары залы) музейге келушілерге тың серпін бермек. 

Музейді салтанатты түрде Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов және өңірімізге танымал тарихшы, өлкетанушы, мәдениет саласының ардагері Жайсаң Ақбаев ашты. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: