Оралда бастауыш сынып мұғалімін өз пәтерінде өлтіріп кеткен

28 Сәуір, 10:00 3784

Оралда бастауыш сынып мұғалімінің денесі өз пәтерінен табылды. 1964 жылы дүниеге келген ұстаз зорлық-зомбылықпен өлтірілгені анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, полицияға 25 сәуір күні сағат 14.50-де Орал қаласында 1964 жылғы әйелдің мәйіті өз пәтерінен табылғаны туралы хабар түскен. Оның денесінде зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері бар.

Аталған факт бойынша «Кісі өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті сол күні анықталып, қамауға алынды. Ол бұған дейін сотты болған Орал қаласының тұрғыны екен.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: