Оралда ауа райына байланысты бірнеше әуе рейсі тоқтатылды

23 Қараша 2023, 21:04 628

Air Astana әуекомпаниясы ауа райының қолайсыздығына байланысты Орал қаласына және одан ұшатын рейстер тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

23 қараша ауа райының қолайсыздығынан Орал әуежайының ұшу-қону жолағындағы іліністің төмен коэффициентіне байланысты Air Astana-ның Орал-Франкфурт-Орал және Орал-Астана бағыттары бойынша, сондай-ақ Алматыдан Оралға және қайтар рейстері тоқтатылды, - делінген мәліметте.

Компания мәліметінше, орындалмаған рейстердің жолаушыларына тамақ беріліп, тегін қайта броньдау немесе билетті қайтару ұсынылды. Орал-Астана рейсінің жолаушыларына қонақүйге орналастыру, тамақтану және трансфер ұсынылды.

Кідірістер туралы ақпарат алу үшін +7 7272 44 4478 жедел желі арқылы хабарласып, рейстердің мәртебесін әуекомпанияның ресми сайтында тексеруді сұраймыз.

Перизат Саденова
Бөлісу: