ОРАЛДА АРМЯН МӘДЕНИЕТІНІҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

8 Қазан 2018, 09:19 2544

Орал қаласында Армян мәдениетінің фестивалі өтті. Оның шеңберінде Армян халқының ұлттық тарихына және мәдениетіне арналған көрме өтті. Аталған іс-шараның «Масис» армян этномәдени бірлестігінің өкілдері ұйымдастырды.

Мерекелік іс-шараны БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғ.Қапақов ашып, ұлттық мәдениет күндері облыста өмір сүріп жатқан түрлі халықтар арасындағы тату көршілік қарым-қатынас орнатуға ықпал ететіндігін және  әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін, дәстүрін және әдет-ғұрыптарын жақсы түсінуге с ептігін тигізетінін атап өтті.

Қатысушылар Арменияның тарихы, оның керемет мәдени ескерткіштері, армян халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, ұлттың біртуар тұлғалары туралы қызықты әңгімелерін айтты. Іс-шара барысында көрермендер концерттік бағдарламаны (“Теренденс” армян биі), (“Эдгар” музыкалық номері) тамашалауға мүмкіндік алды. Көрермендер Армения туралы, оның мәдениеті, көрікті жерлері және көңілді армян мерекесі туралы бейнефильм үзінділерін тамашалады.

 Армян мәдениеті апталығы аясында сонымен қатар №16 мектепте және Х.Есенжанов кітапханасында суреттер көрмесі мен сыныптық сағаттар және Армения туралы көптеген іс-шаралар өткізілді.

"Қазақтану" жобасы аясында армян мәдениеті Фестивалінде құдалық рәсімі және қазақ халқының салт-дүстүрлерінің бірі "Сырға салу" көрсетілді.

Бөлісу: