Оралда әкімдік ғимараты мен үйлерді су басты

26 Наурыз, 18:00 940

Қардың еруіне және бүгінгі жауын-шашынға байланысты қалада су сору жұмысы үздіксіз жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жұмысқа 70 су соратын техника жұмылдырылды. Бүгіннен бастап 100-ден астам техниканы тарту жоспарланған. Сондай-ақ 108 қосымша техника (мотопомпа, камаз, КАТ, жүктиегіш көлік және тағы басқа) жұмыс істеп жатыр. 18 мың құм қапшықтар қажетті жерлерге жеткізілуде.

Қалалық штабтың жедел желісіне тұрғындардан ауласын су басу туралы өтініштер түсуде. Тұрғындар көбіне Зашаған, Деркөл кенттерінен, жеке тұрғын үй секторларынан хабарласып жатыр. Өтініштер бойынша қала әкімдігінің қызметкерлері орынға шығып, жағдайды бағамдап, қажетті іс-шараларды қабылдауда.

Тұрғындардан қалыптасқан жағдайға түсіністік танытуды сұраймыз. Коммуналдық қызмет ең алдымен су басу орын алған және қауіп аса жоғары мекенжайлар бойынша жұмыстануда, - делінген ақпаратта.

Mgorod.kz басылымының мәліметінше, әкімдік ғимаратын да су басқан. Ал синоптиктер қалада екі күн бойы толассыз жаңбыр жауатынын ескертіп жатыр.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: