Оралда 64 жастағы ер адам көп қабатты үйден секіріп кетті

27 Шілде 2023, 15:41 979

Орал қаласында 64 жастағы ер адам көп қабатты үйдің 6-қабатынан секіріп кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 25 шілде күні 4-шағынауданда болған.

Оқи отырыңыз:

Сағат 22.20-да 3-үйдің кіреберісінен 1959 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Марқұм 6-қабаттан секіріп, өз өмірін қиған. Ол гипертония диагнозымен есепте тұрған. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді, – деп хабарлады ведомстводан.

Равиль Ашығали
Бөлісу: