28.09.2025
16:38
296
Оралда 5 адам мен кішкентай бала лифтте қамалып қалды

Оралда 5 адам мен кішкентай бала лифтте қамалып қалды

Орал қаласында көпқабатты үйдің тұрғындары лифт ішінде тұрып қалды. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында бес ересек пен бір сәби аман-есен босатылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы

Төтенше жағдай 27 қыркүйекке қараған түні болды. 112 қызметіне хабарласқан тұрғындардың айтуынша, лифт кенеттен 6 мен 7-қабаттың арасында тоқтап қалған. Кабина ішінде бес ересек және 2025 жылы туған бір сәби болған.

«Құтқарушылар арнайы лифтік кілттің көмегімен есікті ашып, тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарды. Операция бірнеше минуттың ішінде сәтті аяқталды», – деп хабарлады ТЖМ.

Мамандардың дерегінше, ешкім медициналық көмекке жүгінбеген, тұрғындардың жағдайы қанағаттанарлық. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.