Оралда 13 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінген адам ұсталды

5 Шілде 2023, 14:17 2222

Оралда 13 жасар қызды зорлады деген күдікпен тағы бір адам қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Маусымның 11-інен 12-не қараған түні Орал қаласында оқушы қыз зорланған болатын. Полиция ақпаратына сәйкес, оқиға жалдамалы пәтерде болған. Күдікті ретінде 16, 17 жастағы 4 жасөспірім ұсталған болатын.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен бүгін мәлім еткеніндей, күдікке тағы бір жас жігіт ілікті.

Бұл күдікті кәмелетке толған. Алдын ала мәлімет бойынша ол қылмыс жасалған пәтерді жалға алған. Бесінші күдікті де уақытша ұстау изоляторына тоғытылып, сот санкциясымен екі айға қамалды. Тергеу жорамалы бойынша қызды пәтерге алдап шақырған. Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, олар 20 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлады ведомстводан.

Қазіргі кезде тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Равиль Ашығали
Бөлісу: