Орал тұрғындарынан дүрбелеңге түспеуді сұрайды

16 Сәуір, 15:50 545

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі тұрғындарынан тек ресми ақпаратқа сенуді сұрайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдік қазіргі уақытта көпетеген жалған ақпарат таратылып жатқандықтан, тек ресми хабарларға назар аударуды сұрап отыр.

Жалған ақпарат пен қауесетті болдырмау үшін мамандар сумен жабдықтауды және қаладағы ағынды суларды бұруды қамтамасыз ететін барлық технологиялық жабдықтар штаттық режимде жұмыс істеуде. Қаланы сумен жабдықтау екі көзден (жер үсті – Жайық өзені және жер асты – Орал жер асты су кен орны) қамтамасыз етіледі, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, сорғы станциялары мен су тазарту құрылыстары кешенінің аумақтарын су басудың алдын алу үшін бөгеттерді толтыру және нығайту жұмыстары жүргізілді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: