21.04.2024
22:00
1158

Орал саяжайларында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр

Оралдық төтеншеліктер су басқан аймақтарда құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Орал қаласының маңындағы су басқан саяжай алаптарының аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Әуеде тікұшақ жұмыс істеуде.

Осы сағатқа дейін 100-ден астам үй жануары эвакуацияланды. Жұмыс жалғасуда,-делінген ТЖД мәліметінде.