Орал қаласында ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 28 ақпан күні «Жеңіс көшесі, 5» мекенжайда орналасқан «Жайық самалы» ғимараты маңында болды.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, шамамен сағат 07:30-да ер адамның зорлық-зомбылық белгілері жоқ денесі табылды. Оның кім екені белгілі болды. Өлімнің себебін анықтау үшін мүрде сараптамаға жіберілді.
Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс жасады.