Орал халқы бұған дейін елімізде оқылмаған намазға жығылды

16 Сәуір, 12:46 613

Орал қаласындағы Батыс Қазақстан облыстық орталық мешітінде ел амандығына, топан судың қайтуына, халық зардап шекпесін деген мақсатта «Қажет намазы» оқылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Мүфтиятқа сілтеме жасап.

БҚО бас имамы Самат Әлібаев бұған дейін елімізде «Қажет намазы» оқылмағанын айтады.

Ел басына түскен қиындықты жеңілдету мақсатында оқылған намазға жамағат көп жиналды. Жалпы қажет намазы аты айтып тұрғандай, бір нәрсені қажет етіп тұрғанда, бір нәрсеге көмек қажет болғанда жаратқаннан алақан жайып сұралатын құлшылық түрі. Намаз алдында Батыс Қазақстан облысының бас имамы Самат Әлібаев жамағатты бірлікке шақырып, тасқынның алдын алуға бір отбасының балдарындай жұмылып, су басу қаупі бар аймақтарда жаға биіктету, елді аман алып қалу жолында күш біріктіруге шақырды, - деді ол.

Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандар діни бамқармасы қиын сәтте қол күшімен де азық-түлікпен де көмектесіп жатқанын атап өтті.

Батыс Қазақстанда қажет намазы алғаш рет оқылды. Бұл намазда жамағат болып, елге жеңілдік сұрадық. Сондай-ақ көпшілікті жаға бойын биіктетіп, тасқынға тосқын болуға шақырдық, – деді Самат Әлібаев.

Ел амандығы үшін құрбан шалынды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: