Қор нарығында доллар 7 теңгеге арзандады

25 Шілде 2022, 16:27 2577

Ұлттық банктің 25 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 483, 88 теңге

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді,– деп хабарлайды El.kz.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы жұма, 22 шілденің кешімен салыстырғанда 7,38 теңгеге төмендеп, 1 доллар 475, 92 теңге болды.

Ұлттық банктің 25 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 483, 88 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 477 теңгеден сатылып жатыр. Сатып алу бағасы – 483 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату – 476 теңге, сатып алу – 481 теңге.

Ресей рублі 7,3 - 7,7 теңге аралығында саудаланып жатыр.

 


Бөлісу: