Қор нарығында Ресей рублі қымбаттады

22 Тамыз 2022, 09:46 1124

Бұл туралы Ұлттық банк мәлімдеді

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 22 тамыздағы ресми бағамын белгіледі,– деп хабарлайды El.kz.
Атап айтқанда, 1 доллар құны - 476, 43 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 8,07 теңге болды. Kurs.kz мәліметі бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 476 – 480 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар 476 – 480,5 теңге аралығында құбылып тұр. Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 7,2 – 7,7 теңге аралығында сатып алу ұсынылып отыр.
Еске салсақ, 19 тамызда Алматы мен Нұр- Сұлтан қаласындағы ақша айырбастау орындарында рубль 7,38 - 7,58 теңге аралығында сатылған еді.

Бөлісу: