Қор нарығында доллар 472 теңгеден саудаланып жатыр

6 Қыркүйек 2022, 16:21 1022

Ресей рублі 7,39 - 7, 59 теңге аралығында саудаланып жатыр

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды El.kz.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,05 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 472, 47 теңге. Ұлттық банктің 6 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 472, 63 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 473 теңге, сатып алу – 477 теңге.
 Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 472 теңгеден болса, сатып алу құны – 476 теңге.
Ресей рублі 7,39 - 7, 59 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бөлісу: