Қор нарығында доллар 2,76 теңгеге қымбаттады

25 Тамыз 2022, 16:25 809

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 465, 05 теңге

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды El.kz.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,76 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 465, 05 теңге.

Ұлттық банктің 25 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 461, 98 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 468 теңге, сатып алу – 472 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 467 теңгеден болса, сатып алу құны – 471 теңге.

Ресей рублі 7,29 - 7, 49 теңге аралығында саудаланып жатыр.


Бөлісу: