Қорғаныс министрі Пәкістаннан келген әріптесімен кездесті

13 Қазан 2022, 17:46 1106

Тараптар әскери дайындық, әскери білім мен ғылым төңірегіндегі әскери ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Пәкістанның Қорғаныс министрі Хаваджа Мұхаммед Асифпен келіссөздер жүргізді, деп  хабарлайды El.kz. Бұл туралы министрліктің ресми сайтында жарияланды.

Кездесу Азиядағы өзара іс-қимыл мен сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI Саммиті шеңберінде ұйымдастырылды.

Тараптар әскери дайындық, әскери білім мен ғылым төңірегіндегі әскери ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Бөлісу: