Оқушылардың цифрлық сауатты болғаны маңызды - жас педагог

26 Тамыз, 17:05 451

Қызылордадағы орта мектептің информатика пәнің бойынша мұғалім Әбу-Асқар Арыстанбекұлы мұғалімдер деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жас мұғалімнің пікірінше, қазіргі оқушыларға цифрлық жағынан сауатты болу аса маңызды.

Цифрландлырудың оң және теріс жақтары да бар. Олардың барлығын біліп, ажырата білуі керек. Қазіргі таңда барлығы сандық технологияға негізделген. Цифрлық технологияның көмегімен мұғалімдер оқушылардың жұмысын тезірек тексеріп, баға қоя алады, бұл оларға оқудың басқа аспектілеріне назар аударуға мүмкіндік береді. Оқытудағы кері байланыстың маңыздылығы туралы зерттеулер нәтижені лезде алу оқушының назарын және қызығушылығын сақтауға мүмкіндік беретінін көрсетеді, ал бірнеше күнді алатын тексеру олардың қате жауаптарды талдауға деген қызығушылығының төмендеуіне әкелуі мүмкін», - дейді жас мұғалім.

Әбу-Асқар Арыстанбекұлының айтуынша, цифрлық технологиялар тек мектепте оқыған кезде ғана пайда әкелмейді, оларды қолданудың оң әсерін мектепті бітіргеннен кейін бірнеше жылдан кейін де көруге болады.

Атап айтқанда, компьютерлерді пайдалану және онлайн сабақтарға қол жеткізу технологияны қолдана отырып, мектептен кейінгі бірнеше жыл ішінде оқушының білім беру траекториясына оң әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, компьютерлерді пайдалану ауылдық және қалалық аудандар арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты жоюдың тиімді әдісі бола алады, өйткені технология ең жақсы білім беру ресурстарына, соның ішінде ауылдық мектеп оқушыларына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мысалы, Қытайда компьютерлерді оқу процесіне енгізу және елдің ең жақсы оқытушылары жазған жоғары сапалы сабақтарды нашар дамыған ауылдық аймақтардағы оқушыларға тыңдау бойынша ауқымды эксперимент жүргізілді. Нәтижелер эксперименттік топтың оқушылары болашақта мектепте ұзақ уақыт болғанын және білім беру технологиясымен танысқаннан кейін он жыл өткен соң да жоғары когнитивті дағдыларды көрсеткенін көрсетті. Еңбек нарығында олар жоғары жалақы алды және зияткерлік еңбек мамандықтарымен айналысу ықтималдығы жоғары болады, - дейді ол.

Жас педагог білім саласында жұмыс істеп келе жатқанына 4 жыл болған.

Осы аралықта көп тәжірибе жинадым. Оқушыларымыз республикалық жарыстарда орын алып жүр. Жалпы Қызылорда қаласында бағдарламасы болып, Алматыда педагогика мамандығы бойынша тәмамдадым. Осы екі салада білім алған соң, бағдарламалау бағытында оқушыларға жеңіл тілде түсіндіріп жеткізу оңайға түсті, - дейді ол.

Информатика пәні мұғалімі елордада өткен Тамыз конференциясына қатысқан мұғалімдердің бірі болған.

Өңірлердегі үздік ұстаздар республикалық Тамыз конференциясына қатысады. Секциялар бойынша білімді толықтыратын, біліктілікті арттыратын курстан өтуге де мүмкіндік туды. Әрине, бұл тек елордалық емес, елдің бар өңірінен жиналған мұғалімдермен тәжірибе алмасып, жаңашылдықтарды қолдаунға мүмкіндік береді, - дейді ол.

Биыл Тамыз кеңесі «Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» тақырыбында оқу үдерісін цифрландыруға және әлемдік тәжірибені ескере отырып, сабақ беру процесіне жасанды интеллектті енгізу ерекшеліктеріне арналды.Саммит аясында жасанды интеллектті қолдана отырып жасалған цифрлық өнімдердің білім беру көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ білім беру саласындағы жетекші сарапшылардың қатысуымен пленарлық және секциялық отырыстармен қатар шеберлік сабақтары өтті.

Іс-шара соңында білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін үздік педагогтер марапатталды.
Оған 500 мыңнан астам педагог офлайн және онлайн режимдерде қатысты.

Тамыз конференциясы барысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл беру дәстүрін сақталғаны дұрыс екенін жеткізген болатын.

Тәтті-тәпсекке қатысты ойлану керек. Әркімнің қалауы әртүрлі болады. Бірақ оқушылардан мұғалімнің гүл алуы көңіл - күйді көтеретін үрдіс. Оқушылардың мұғалімдерге құрмет ретінде гүл сыйлауы дәстүрге айналған. Сондықтан, оны дұрыс деп есептеймін. Гүл сыйлау - әркімнің өзінің көңілі мен ниетіне байланысты. Бірақ гүл беруді міндеттемеу керек,- дейді министр.

Айдана Мұрат
Бөлісу: