"Оқушылардың өліміне себепкер болған". Ақтөбе облысында мұғалім қамауға алынды

20 Желтоқсан 2023, 18:33 8554

Ақтөбе облысында үш жолаушы қаза тапқан жол апатына қатысты мектеп мұғалімі қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол балаларды тасымалдап келе жатқан көлікті басқарған.

Бір күн бұрын олимпиадаға бара жатқан мұғалім мен екі мектеп оқушысы жол апатынан көз жұмған еді. Полиция басқармасы аталған оқиғаға қатысты көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.

Айта кетейік, желтоқсанның 19-ы күні сағат 8.30 шамасында Самара-Шымкент тас жолының Құрылыс ауылы маңында "Toyota Alphard" көлігі мен "Volvo" жүк көлігі соқтығысқан. Қайғылы оқиға салдарынан "Toyota Alphard" көлігінің жолаушылары – мұғалім мен екі оқушы оқиға орнында көз жұмды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: