13.03.2024
12:40
5251
Оқушылардың көктемгі демалысы неше күнге созылады?

Оқушылардың көктемгі демалысы неше күнге созылады?

Мектеп оқушыларының көктемгі демалысы он бір күнге созылмақ, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан білім ордаларында үшінші тоқсанның аяқталуына бір апта қалды. Оқу-ағарту министрлігінің каникулдар кестесінде көрсетілгендей, көктемгі каникул 21 наурыздан 31 наурызға (қоса алғанда) созылып, жалпы саны 11 күнді құрайды.

Төртінші оқу тоқсаны 1 сәуір – дүйсенбі күні басталады. Төртінші тоқсан 8 оқу аптасын құрайды.