08.12.2023
17:41
2104
Оқушылар қысқы каникулға қашан шығады?

Оқушылар қысқы каникулға қашан шығады?

Оқу-ағарту министрлігі оқушылардың қысқы каникулға қашан шығатынын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қысқы каникул 2023 жылдың  29 желтоқсанынан 2024 жылдың 7 қаңтарына дейін болады. Ал көктемгі каникул 2024 жылғы 21 наурыздан 31 наурызға дейін жалғасады.

1-сынып оқушылары үшін 2024 жылғы 5-11 ақпан күндері  аралығында қосымша бір апталық  демалыс  беріледі. Оқу жылы биыл  25 мамырда аяқталады.