Оқушылар қоғамдық көлікте тегін жүрмек

12 Сәуір, 10:16 880

Шымкент қаласында 1 мамырдан бастап қоғамдық көліктерде оқушылар да тегін жүре алады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Келесі айдан бастап қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігі тағы да бірнеше санаттағы адамдарға беріледі. Яғни, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қоғамдық көлікте тегін жүретін санаттағы азаматтардың қатарын көбейту туралы шешім қабылдады. 

Олар – Ұлы Отан соғысының ардагерлері; жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер; басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болғандар, ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, саяси қуғын-сүргiндер құрбандары ретiндегі адамдар, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балаларға, 70 жастан асқан зейнеткерлер, оқушылар.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: