Оқушылар арасында қылмыс өршіп тұр: Ордабасыда 9-сынып оқушысының мәйіті табылды

14 Сәуір 2023, 20:50 2079

Түркістан облысының Ордабасы ауданында 9-сыныпта оқитын қыздың мәйіті табылды. Қазір оны өлтірді деген күдікпен 11-сынып оқушысы ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқушы қыздың мәйіті 9 сәуірде Ордабасы ауданындағы суару каналынан табылған.

Қазіргі таңда жасөспірім қызды өлтірді деген күдікті полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынды. Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Тергеу ісі Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Aлматы oблыcы Кeгeн aудaны Caты aуылындa 10-cынып oқушыcы қaйтыc бoлып, күдікті рeтіндe 11-сынып оқушысы қамауға алынды. Ал бүгін қайтыс болған оқушының сыныптасы өзіне қол жұмсағаны белгілі болды. Oқушы өзіне қoл жұмcaмacтан бұрын xaт жазып қалдырып кеткен. Марқұмның хатында «мені досымның қасына жерлеңдер» деп жазылған. 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: