Мектеп жасындағы балалар үшін рюкзактың салмағы – омыртқа денсаулығына тікелей әсер ететін маңызды фактор, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы остеопатия клиникасының жетекшісі Дмитpий Cимкин айтып өтті.
Санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес:
Cимкиннің айтуынша, бастауыш сынып оқушыларының күнделікті мектепке алып жүретін сөмкесінің салмағы 1,5–2 келі аралығында болуы тиіс. Бұл көрсеткіш қалыпты физикалық дайындықтағы балаларға арналған.
Өте ауыр сөмке омыртқаны қысымға ұшыратады. Бұл өз кезегінде омыртқаның қисаюына, Шейерман-Мау ауруына, Шморль жарығына, жасөспірім кезеңінде остеохондроз және протрузия сияқты мәселелерге әкелуі мүмкін, — дейді дәрігер.
Кей жағдайда рюкзактың орнына қолға ұстап жүретін портфель ұсынылады. Алайда мұндай сөмке тек жеңіл заттар алып жүруге ғана қолайлы. Мысалы, үйірме, қосымша сабақ немесе мәдени шараға барғанда.
Тағы бір балама — дөңгелекті мектеп рюкзактары. Бұл нұсқа көп кітап пен ауыр заттар таситын балалар үшін ыңғайлы. Бірақ, дәрігердің айтуынша, оның да өзіндік шектеулері бар:
Бала рюкзакты қаншалықты жиі көтеріп жүреді, мектепке қандай жолмен барады, баспалдақтар көп пе — осының бәрі шешуші рөл атқарады. Егер сөмкені үнемі қолмен көтеруге тура келсе, дөңгелектің мәні жоғалады, – дейді Симкин.
Оқушының сөмкесі — жай ғана сөмке емес. Оның салмағы баланың омыртқасына, дене бітіміне, болашақтағы денсаулығына әсер етеді. Ата-аналар рюкзак таңдағанда салмағына, ыңғайлылығына және баланың жас ерекшелігіне мән бергені жөн.