Оқу пәндерінің 93% цифрлық форматқа көшірілді

22 Қараша 2023, 19:33 745

Бүгінде оқу пәндерінің цифрлық форматқа көшірілу көрсеткіші 80 пайыздан 93 пайызға дейін өсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, бұл алдын ала көрсеткіш, яғни желтоқсан айында сараптаманың соңғы кезеңі - пәндік сараптамалық комиссия өтеді.

Сараптаманың қорытындысы бойынша нақты көрсеткіш жарияланатынын атап өткен жөн. Цифрлық оқулықтар елімізде 13 баспа 11 платформада әзірленуде.

Пәндерді оқытуда инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу мақсатында педагогтер қолдануы үшін әдістемелік ұсыныстар әзірленді.

Мұғалімдер заманауи цифрлық технологияларды, онлайн коммуникацияларды, саралау мен даралауды пайдалана отырып, сабақтарын өткізеді, сондай-ақ онлайн ресурстарын қолдану арқылы білімдерін жетілдіреді.

Бұдан басқа, робототехника, STEM, химия, физика, биология пәндері бойынша 1000 заманауи кабинет ашу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 976 мектеп заманауи кабинеттермен жабдықталған.

Айта кетейік, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында пәндік кабинеттер жоспар бойынша толығымен сатып алынды.

Берік Арманов
Бөлісу: