Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жыл Жұмысшы мамандықтары жылы болып жарияланды. Осыған байланысты республикада кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялау басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында колледждерді реформалау және педагогикалық әлеуетті дамыту бойынша негізгі шараларды ұсынды.
Өңірлердегі 195 колледж экономикадағы сұранысты қанағаттандыру үшін қайта бейімделді және білім беру мекемелерін халықаралық стандарттар бойынша бағалау жобасы әзірленді. Бірінші лигаларға кірген колледждер ресурстық орталықтарға айналады. Сондай-ақ оқу сапасын арттыру үшін түлектерге тәуелсіз сертификаттау енгізілді.
Білім беру мекемелерінің бейініне инфрақұрылымды және инвестицияларды дамыту міндеттемелерімен колледждерді сенімгерлік басқаруға беруді қоса алғанда, бизнеспен белсенді ынтымақтастық жалғасады.